Аймақтар • 11 Мамыр, 2023

Балдырғандардың ойын алаңы

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде демеушілердің есебінен балаларға арналған ойын алаңқайын салуға соңғы жылдары айрықша назар аударылып отыр. Әлгіндей нысанның бірі Тараз қаласындағы ең үлкен даңғыл Абай көшесінің бойындағы №123 үйдің ауласында бой көтерген болатын.

Балдырғандардың ойын алаңы

Бірер күн бұрын пайда­лануға берілген ойын алаң­қайы орталықтағы көше бала­ларының игілігіне айналды. Мұндай нысандар облыс орта­лығында алдағы уақытта да толассыз салына бермек. Өйткені игі іске жанашыр демеушілер жеткілікті.

«Балалардың қуанышын көргеннен асқан бақыт жоқ шығар. «Таразстрой-2004» жа­уап­кершілігі шектеулі серік­тес­тігі балаларымызға арнап, спорт­тық және ойын алаң­қайын тарту етіп отыр. Бұл біздің сү­йік­ті қаламыздың кіш­кентай тұр­ғындары үшін үлкен сый болды. Қала әкімдігінің ұсынысына қолдау білдіріп, алғаш болып іске кіріскен «Таразстрой-2004» ЖШС бас­шы­ларына мың алғыс. Осы орайда қаламыздағы ірі кәсіпкерлер, атымтай жомарт азаматтар «Таразстрой-2004» се­ріктестігінен үлгі алып, ша­һар тұрғындарының игілігіне жарайтын нысандар салса деген тілек бар», дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Жаңадан пайдалануға бе­рілген алаңқайда шағын атракциондар, әткеншектер бар. Сондай-ақ балалардың жарақат алмауы үшін арнайы жұмсақ материал төселген. Қысқасы бүл­­діршіндердің алаңсыз ойнауы үшін барлық мүмкіндік қа­растырылған.

«Қазақ халқы «Уәде – Құдай сөзі» дегенді текке айтпаған ғой. Біз өз міндетімізге алған балаларға арналған ойын алаң­қайын межеленген уа­қытта тап­сырып отырмыз. Ең бас­­ты­сы сөзімізде тұрдық», дейді «Таразстрой-2004» ЖШС бас­шы­­сының орынбасары Мәди Изенбаев.

 

Тараз