Ауа райы • 12 Мамыр, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. 15 мамырда түнде республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деген болжам бар. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда қатты жаңбыр жауады», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша желдің күшеюі және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл күтіледі.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады. Тек 14-15 мамырда түнде еліміздің солтүстік жартысында -1-3 градус аяз күтіледі.