«Нұр Отан» партиясы, қала әкімдігі, «АРС» продюсерлік компаниясы мен «Еуразия» бірінші арнасының ұйымдастыруымен өткен «Аялаған Астана» балалар телевизиялық музыкалық байқауы өз мәресіне жетті. Аламан бәйгеде озып шыққан Мұхаммедәли Жүгінісов ендігі кезекте Қазақстанның атын «Детская новая волна» байқауы арқылы әлемге танытады деген сенім бар.
Жақында «Еуразия» арнасының тікелей эфирінен «Аялаған Астана» телевизиялық музыкалық балалар байқауының ақтық сыны көрсетілген болатын. Финалда Қазақстанның әр аймағынан жиналған 17 дарын иесі ерекше қойылымдарымен көпшілік алдында өнер көрсетті. Балалар алдына әуелі байқауда озып шығуды, сөйтіп, 1 миллион теңгені қанжығаға байлауды мақсат етіп қойған еді. Бұл меже орындалды. Ендігі шың «Детская новая волна» сайысының биігін бағындыру, Қазақстанды таныстыру болып табылады.
Телевизиялық шоуда жас өнерпаздар Руслан Ботабаев бастаған «Zaratushtra Band» оркестрімен жанды дауыста ән шырқады. Кейбір қатысушылар дуэтте, енді бірі триода өнер көрсетті. Жалпы концерттік бағдарламаға 12 қойылым әзірленді.
«Балалық шақтың әнұраны» атты байқаудың алғашқы күні қатысушылар балалар әндері репертуарынан музыкалық шығармалар орындаса, екінші күні әйгілі мультфильмдердегі әлемдік хиттерді, ал «Атамекен» атты қорытындыда балғын әншілер Астанаға, барша қазақстандықтарға арнап ән салды.
Халықаралық қазылардың шешімі мен тікелей эфирден SMS арқылы дауыс берудің нәтижесі бойынша елордалық Мұхаммедәли Жүгінісов «Аялаған Астананың» жеңімпазы атанды. Ол байқаудың үш күнгі нәтижесінде де қатарластарынан оқ бойы озық көрініп, қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болды. Айта кету керек, ерекше дауыс иесі биыл Қазақстанды «Детская новая волна» байқауында таныстырмақ. Бақытты сәтін ірке алмай жанарына жас тұнған өрен: «Менің арманым «Детская новая волна» байқауына қатысып қою ғана емес, әлемдік эстраданың жарық жұлдызы атанған Майкл Джексон секілді және өзімнің туған ағам Рүстем Жүгінісов сияқты атақты әнші болу», – дейді.
Өнер сайысының бірінші жүлдесі – Орал қаласынан келген Дания Ишанқұлованың, екінші орын – «Балапандар» триосындағы Луиза Нұрқуатова (Ақтау), Алдияр Орекен (Екібастұз), Жанайкерім Өтегенованың (Қостанай), ал үшінші жүлде алматылық Ясмин Мәжитованың еншісіне тиді. Бұған қоса, Д.Ишанқұлова көрермендер көзайымына айналды. Астана қаласы әкімдігінің арнайы сыйлығы Павлодар қаласының намысын қорғап келген Настя Першиковаға бұйырды. Ал, Сыр елінің саңлағы Диас Омар «Нұр Отан» партиясының сыйлығына ие болды.
Еске сала кетейік, алғаш рет бұл жоба былтыр жүзеге асқан болатын. Іріктеу кезеңінде Қазақстанның 16 қаласынан 8 бен 12 жас аралығындағы 1000-ға жуық дарынды бала бақ сынады. Әнді сүйетін, сахнада өнер көрсетуді армандайтын балалар үшін бұл нағыз мерекелік тарту болды десек, қателеспейміз.
Торғын ӘБУШАХМАН.

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53