Бокс • 14 Мамыр, 2023

Данияр Елеусінов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионын құттықтады

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал боксшылар Данияр Елеусінов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данияр Елеусінов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионын құттықтады

«Жеңіс құтты болсын, әлем чемпионы», деп жазды Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде.

Ал Сәкен Бибосынов «алтын құтты болсын», деп парақшасында құттықтау жолдады.

Айта кетсек, Сәкен Бибосынов та әлем чемпионатына қатысып, 1/6 кезеңде үнді боксшысынан жеңіліп қалған еді.