Астаналық суретші Мансұр Смағамбетовтің ерекше өнер туындысы көшпелілердің ұлттық стилінде жасалған. Арт-нысанның биіктігі үш метр.
«Бұл мәсі шынымен үлкен «саяхат» жасап отыр. Жетісу жеріндегі аяқкиім Тұманды Альбион жағалауына дейін жетті. Ағылшындардың ұқыптылығы арқасында қазақтың мәсісі бүгінгі күнге дейін сол қалпында сақталып, Ұлыбританияның бас музейінің төрінен орын алды. Мәсіні Британия музейінен көрген соң, қазақтың ұлттық тамырын білдіретін дүниелерімізді өзіміздің жерімізде де орнатып, дәріптеуіміз керек деп ой түйдім. Сол оймен былтыр желтоқсан айында үлкен істі бастап кеткен едік. Міне, бүгін сәтін салып, Жетісу жеріндегі жәдігерімізді «Jetisu»-ға қайтардық», дейді суретші.
Мүсін арқылы мәңгілік мәсіні бейнелеген арт-нысан «Қазақтуризм» АҚ мен BI Group компаниясының қолдауымен тұрғызылғанын да айта кеткен жөн.