Елорда • 14 Мамыр, 2023

Елорда тұрғындарының талап-тілегі

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қала тіршілігіндегі түйткілді мә­се­ле­лердің­ түйіні тұрғын­дар­­дың үніне­ құлақ түрумен тар­­қатылады. Бұл ретте Аста­на қала­сының әкімі Жеңіс Қасымбек аудандарды аралап, елор­­да­лықтармен кездесіп, олар көтер­ген мәселелерді на­за­ры­на алды.

Елорда тұрғындарының талап-тілегі

Қала әкімінің «Интернацио­наль­ный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кез­десуінде бірқатар мәселе қоз­ғал­ды. Мұндағы мәселелер негі­зінен ин­женерлік желілер, әлеу­меттік ны­сандар, жолдар сапасы, жарық­тан­­дыру және қиюы қашып тұрған басқа да жағдайларға қатысты болды. Осы орайда тұрғындар әкімге сумен жабдықтау, электр энергиясы, автобустарды іске қосу бойынша нақ­ты сұрақтарын қойды.

«Жазда қосымша ауыз су стансасын (ССС-3) іске қосуды көздеп отыр­мыз. Бұл бүкіл қала бойынша су мәселесін шешуге мүмкіндік бере­ді. Сондай-ақ қалаға жылумен, электрмен жабдықтауда қо­сымша күш беретін бірқатар тір­ші­лікті қамтамасыз ету жүйелері ны­сандарының құрылысын аяқтау жос­парда тұр. Сонымен қатар биыл 11 мектеп, 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтерді пайдалануға тапсырамыз. Бұған қоса 14 мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ қалаға 400-500 автобус жеткіземіз, екі жыл ішінде инвесторлар есебінен 40-қа жуық балабақша салынады», деп жауап берді Ж.Қасымбек.

Кездесуде қала басшысы тұр­ғын­дар көтерген мәселелер шешілетінін, оның бәрі кезең-кезеңімен іске асыратынын атап өтті.

Мұның алдында Астана әкі­мі құрылысы ұзаққа созылған нысан­дар­дың үлескерлерімен де кездесті. Атап айтқанда, әкім «Зере-2», «Араби 2 – Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» сияқ­ты құрылысы тұралап тұрған нысан­дарды аралап шықты.

«Біз құрылысы созбалаңға салынған нысандарды назарда ұс­тай­­мыз. Өйткені тұрғындардың мәсе­лесін шешумен қала тіршілігі жан­дана береді. Сондықтан осындай «са­қал­ды» құрылысқа жіпсіз байланып, өз пәтерін 10 жылдап сарыла күтіп жүр­ген тұрғындарды қашанда қолдау көр­сетуге әзірміз. Мәселеге келсек, кейбір нысандардың құрылысы кес­­теден қалып барады, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз. Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар», дейді елорда әкімі.