Спорт • 15 Мамыр, 2023

Бибісара Асаубаева Берлиндегі турнирде үздік ойынымен ерекшеленді

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week турниріне қатысты. Бұл туралы 19 жастағы қазақстандық шахматшы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибісара Асаубаева Берлиндегі турнирде үздік ойынымен ерекшеленді

Жас шахматшының айтуынша, турнир өте қызық форматта өткен.

Ереже қарапайым: нокаут жүйе бойынша турнир, 2 блиц ойын, 1-1 есебінде Армагеддон ойналады, яғни қателікке жол жоқ.

Бұл жарысқа әлемнің ең мықты 8 шахматшысы қатысып жатыр.

«Мен барлық матчтарды жеңе алдым, тек бір Армагеддон ойнадым және бүкіл турнирде бір ойында ғана жеңілдім. Бірінші кездесуде Грузияның ең мықты шахматшысын, 2017 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы Н.Дзагнидзені 2-0 есебімен ұттым», дейді Б.Асаубаева.

Екінші айналымда шахматшы 2022 жылы блиц бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі Х.Конеруды жеңді.

Ол жартылай финалда Г.Мамедзаданы 1.5-0.5 есебімен жеңіп, финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды.

Ақтық сайыста Бибісара Х.Конераны негізгі уақытта 1.5-0.5 есебімен тағы да ұтты.

«Демалуға уақыт жоқ, бүрсігүні Кипрде әйелдер арасында Гран-при кезеңі басталады», деп жазды Бибісара.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35