![Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы](/media/2023/05/17/full_16506092573f00750926294c4dedfa0829f5fbdbb2-1.jpg)
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен өзгереді. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«18-20 мамырда солтүстік-батыста және орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар жел соғады деп болжанды», делінген синоптиктер хабарламасында.