Біріншіден, облыс орталығындағы басты көшелер қашан бабалар есімін алады, Абылай серіктері Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай батырларға қашан ескерткіш орнатамыз деп жүргенде, жергілікті жұртшылық күтпеген жаңалық – Батыр Баянның (1710-1757 ж.ж.) ескерткішін бір-ақ күнде 12 шілде күні Рамазан айында тұғырға қонды. Батыр тұлғасы Алматының Талғар қаласынан жеткізілді. Үмбетей мен Тәтіқара жыр толғауларында жоңғарларға қарсы күрескен Баян Абылай ханның тірегі, жоңғардан елін қорғаған, қазақтың туын жықпаған батыр деп толғайды. Бейіті Қарағанды жақта көрінеді.Тәтіқара толғауында:
«Бөкейді айт Сағып пенен Дулаттағы,
Дәріпсәлі маңдайды айт қыпшақтағы
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баяндай Уақтағы...» – деп баяндайды.
Батыр Баян туралы Шоқан Уәлиханов жазған, Мағжан ақын «Батыр Баян» поэмасында «Сарыарқа – сары дария, қиыры жоқ...» деп толғанып арқау етіпті. Батыр Баянның 300 жылдығын тойлау барысында ашылған ескерткішке қаланың шетіндегі «Сарыарқа» қонақ үйіне жақын маңнан орын берілді. Бірақ, облыс орталығында батыр Баян ескерткіші тұруға лайықты Бұқар жырау музейі орналасқан көше, саябақ мәндірек болар еді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын бұрынғы тұрған орнынан Сұлтанмахмұт ескерткіші басқа жерге көшірілді. Мүсінші Едіге Рахмадиевке рахмет, батыр Баянға қойылған ескерткіш – бұл облыс орталығындағы мысалы, Сұлтанмахмұттың, ашаршылық құрбандарына, мұғалімге тағы басқа да ескерткіш-мүсіндерге қарағанда, мәні мен мазмұны жарасқан көркемдік жағынан дұрыс жасалған дүние болып шығыпты. Мүсіншінің зерттеулерді, кітап беттерін оқығаны байқалады. Ескерткішке «Баян батыр» деп жазылыпты... Ертең қалай дұрыс айтарын білмей ұрпақтарымыз жаңылысып жүрмесе болғаны... Онсыз да, облыс орталығында әлі күнге дейін Кутузов, Суворов, Ермак аталатын көшелеріміз бар. Екіншіден, әрине, батыр болған соң, қолына қылыш, найзасын алған ат үстінен көреміз. Келесі ескерткішті Малайсары батырға орнатар болсақ, тағы да ат, найзасыз болмас, сондықтан жоңғар шапқыншылығы кезінде күрескен батыр бабаларымызға тақырыбы, мазмұны бір болған соң, уақ, найман, қанжығалы деп бөлмей, мемориалды түрде бір емес, бірнеше батырға арнап қойған дұрыс болар еді деген ой келеді. Сөйтіп, Баян батырға ескерткіш Кереку өңірінің орталығынан бұйырды. Бұл елдікке, егемендікке құрмет. Үшіншіден, бергі сұрапыл соғыстан басқа білерлері жоқ, қазіргі жастарға нағыз патриоттық рух беретін белгі. Ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Қанат Бозымбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, тарихшы-ғалымдар, мәдениет қызметкерлері, Мақсұт Нәрікбаев басқаратын «Баян батыр» республикалық қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Ескерткішті бюджет қаржысынан емес, қоғамдық қордың өзі қаржыландырыпты. Баян батырдың қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандығы еліміздің тарихшылары, қоғам қайраткерлері, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Ресейден келген қандастар қатысқан ғылыми-практикалық конференция өтіп, ас берілді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше