Спорт • 21 Мамыр, 2023

Турнирдің тұсауы кесілді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұңғыш рет «Hardcore» компаниясының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста қазақтың төрт бірдей спортшысы күш сынасты.

Турнирдің тұсауы кесілді

«Алматы аренада» өткен турнирдің бастапқы кардында Азамат Бақытов ресейлік Максим Соколовты ұпай санымен ұтса, Бағдат Дүйсенбаев Игорь Барабановтың «ауырту» тәсіліне түсіп қалды. Негізгі бәсекелердің бірінде Қуат Хамитов октагонға шықты. Оның қарсыласы – Залимхан Юсупов. Дағыстандық файтер кезінде еркін күрестен Өзбекстан құрама командасы сапында өнер көрсетіп, Азия ойындарында қола медальды иеленді. 2016 жылы Рио Олимпиадасында қатысып, Ташкенттегі әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреді. Біздің жігіт те осал емес. «Найман» деген жанама есіммен танылған қандасымыз спорттың бұл түрінде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл бәсекеде Қуат басымдық танытып, жеңіс тойын тойлады.

Жарыстың басты жекпе-жегінде Мұратбек Қасымханов әзербайжандық Аловсет Мә­миевті үш раунд бойы қуып жүріп сабады. Төре­шілер бірауыздан қазақ файтерінің мықты­лығын мойындады. Ал титулдық жекпе-жекте Ресейдің алыбы Хадис Ибрагимов бра­зи­лиялық Фернандо Родригесті нокаутпен жеңді.