Аталған жарыста Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді. Жерлестеріміз командалық сайыста барлық қарсыласын сыпыра ұтып, бас жүлдені олжалады. Құрамында Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай сынды сайыпқырандары бар команда бастапқы бәсекелерде Колумбия (45:41) мен Италиядан (45:31) басым түссе, аса шиеленісті өткен ширек финалда Аргентинадан (45:44) айласын асырды. Жартылай финалда жігіттеріміз Испанияны (45:32) жолынан ығыстырса, ақтық сайыста Нидерландтың семсерлесушілерін (34:20) сан соқтырды.
Сөз орайы келгенде, тек спортшы болуымен шектелмей, жаттықтырушылық қызметті де қатар алып жүрген Эльмир Әлімжановтың асқан шеберлігін ерекше атап өтуге болады. Шешуші тұста командамызға жеңіс ұпайын дәл сол саңлақ әперді.