«Көкнәр-2014» жедел-алдын алу шараларын жүргізу барысында «Вагон- Сервис» АҚ маңынан 24 жастағы күдікті ұсталды. Оны тексеру кезінде полиэтилен дорбаға салынған жасыл түсті арнайы исі бар өсімдік табылды. Жасалған сараптамаға сәйкес алынған зат 2 килоға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта оның үстінен Қылмыстық кодекстің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сол секілді есірткіге қарсы күрес қызметкерлері «Ақтөбе – Астрахань» тас жолы бойында «ВАЗ» маркалы жеңіл көлікті тоқтатқан еді. Көлікте жүргізушіден басқа үш жолаушы болған. Көлікті қызметтік итті пайдаланумен тексеру кезінде жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған үш дорба табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес жалпы көлемі 3 кило марихуана алынды. Кейін белгілі болғанындай, жүргізуші де, үш жолаушы да Темір ауданының тұрғындары болып шықты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.