Қоғам • 24 Мамыр, 2023

Абай облысындағы орман өрті: Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында орман өртенген болатын. Соның салдарынан Березовка ауылының тұрғындары үйін тастап кетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы орман өрті: Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ

Абай облысының әкімдігі өрттің сөндіріліп жатқанын және адамдарды оқшаулаудың еш қажеттілігі жоқ екенін жеткізді.

«Арнайы мамандар түні бойы кезекшілік етті. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Адамдарды оқшаулау қажет емес», деді жергілікті әкімдік.

Ауылда 107 тұрғын бар. Олардың көпшілігі өрт шыққаннан кейін, үйлерін тастап кетіп қалған.

Айта кетейік, екі күнде 1,5 мың гектар орман өртеніп кетті.