Президент • 24 Мамыр, 2023

Қазір барлық аймақта жаңа бағыттар құру өте маңызды - Президент

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір барлық аймақта жаңа бағыттар құру өте маңызды - Президент

«Жаһандық тауар ағындарының айтарлықтай өзгерген көрінісін ескере отырып, қазір барлық аймақта мүмкіндігінше жаңа бағыттарды бақылау мен құру өте маңызды. Біздің Шығысымызда континенттік стратегиялық байланысты құру жөніндегі жарқын және ауқымды бастамалардың бірі – Қытайдың «Белдеу және жол» жобасы.

Солтүстік-Оңтүстік желісі бойынша сауда-экономикалық өзара іс-қимылға сұраныс бірнеше есе күшейе түсті. Біз осы процестердің орталығындамыз», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар