Командалық есеп бойынша астаналық қыздар бәрінен басым түсіп, төрт алтынмен бірінші орын алды. Атап айтсақ, Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Валентина Хальзова (75 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) чемпион болды.
Үш алтын медальді алматылық қыздар еншілеп, командалық есепте екінші орынға жайғасты. Алтын алған алматылық қыздар – Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг) және Жазира Жазықбаева (52 кг). Қысқасы, барлық жеңіл салмақтарда алматылық қыздар ешкімге дес бермеді.
Командалық есеп бойынша екі алтын алған Шымкент қаласының командасы үшінші орынға тұрақтады. Бұлардың арасынан Жайна Шекербаева (54 кг) мен Мәдина Нұршаева (70 кг) чемпион атанды.
Сондай-ақ Ақмола облысының өкілі Карина Ибрагимова (57 кг) мен солтүстікқазақстандық Наталья Богданова (66 кг) чемпион болды.
ПЕТРОПАВЛ