Жақында Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағын ауданында бой көтерген көпқабатты үйден 31 азаматқа пәтер кілті тапсырылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында салынған үйге шалғайдағы әлеуеті төмен ауылдардан көшіп келген отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жандар қоныстанды.
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев қуаныш иелеріне пәтер кілтін табыстап, құттықтады.
Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінге дейін «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қоныс аударуға өңірлік комиссияның ұсынымын алған 449 отбасы салынған 6 көпқабатты үйге қоныстанған. Қоныс аударғандардың ішінен еңбекке қабілетті 614 адамның 433-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 30-ы әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 12 адам кәсіби білім алуда.
«Нұрсәт» шағын ауданы барған сайын қанатын кеңге жайып келеді. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты 84 үйдің 47-сі облыс бюджетінің есебінен қаржыландырылуда. Оның 21-і үстіміздегі жылы пайдалануға берілмек. Бұл үйлердегі пәтерлердің басым бөлігі әлеуметтік әлсіз топтарға арналған.
Шағын аудан шығысындағы іскерлік-әкімшілік орталығында да жаңа ғимараттар бой көтеруде.
Шымкент қаласында, сондай-ақ, 140 орындық «Аружан» балабақшасы ел игілігіне тапсырылды. Кезінде жекеменшікке өтіп кеткен бұл ғимарат бүгінде мемлекетке қайтарылып, мектепке дейінгі мекеме ретінде қайта құрылды. Игілікті шараға арнайы келген Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бүлдіршіндер мен педагогикалық ұжымды балабақшаның ашылуымен құттықтап, ғимаратты аралап көрді.
БАҚ өкілдеріне сұхбат берген қала әкімі Д.Сатыбалды: «Облыс орталығы Шымкент қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында бүлдіршіндерді қамту 2009 жылы 28 пайыз болса, биыл 70 пайызды құрап отыр», − деді.
Бүгінде Шымкент қаласында 256 балабақшада 41 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.
Мархабат БАЙҒҰТ,
«Егемен Қазақстан».

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10