Музей • 24 Мамыр, 2023

Қор жинақтау – күрделі іс

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баба мұрасын сақтау – ұлт келешегін қалыптастырудың негізі. Әл-Фараби бабамыз айтқандай, «өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес». Сарғайған тарих парағын сақтау ұрпақтың санасын қорғау іспетті.

Қор жинақтау – күрделі іс

Ұлттық музейде «Музейдің ­қор сақтау қызметін ұйымдасты­ру: теориясы мен практикасы» симпозиумы болып өтті. Іс-шарада әртүрлі іргелі тақырыптарға баяндама жасалып, қор­далы мәселе­лер көтерілді. Алғашқы болып сөз алған Ұлттық музей директоры Айбек Сыдықов жиынды өткізу мақсатына тоқталды.

Симпозиум үш кезеңнен тұрды: пленарлық отырыс, панельдік сессиялар және практикалық сабақ. Іс-шарада «Музейлік құндылық­тар: жинақтау, есепке алу, сақтау», «Қор іріктеу комиссиясының отырысын ұйым­дастыру» сынды баяндамалар жасалып, қонақтардың назарын аудартты.

– Басқосуда Ұлттық музейдегі қор жұмысы, оны ұйымдастыру, заттар­мен қалай жұмыс істеу, сақ­­тау, есепке алу, оларды жи­­нау мәселелері қарастырыл­ды. Осы орайда қызмет­керлері­міз аймақ­тардан келген қор сақ­таушы мамандармен тәжірибе алмасты. Жиын­да қор жинақтау мәселесі көтеріл­ді. Негізі қор жи­нақтау ісі өте күр­делі жұмыс. Бұл тұрғыда адамдармен байланыста болу, мекемелерге хат жазу, іссапарларға бару, археологиялық, этнографиялық экспедицияларға қатысу, олардан әкелген заттарды дұрыстап құжаттау мәселелері туындайды, – дейді Ұлттық му­зей­дің бас сақ­таушысы Бәтеш Рахмет­жанқызы.

Симпозиумда құнды ой-пікірлер айтылып, іс-шара соңында музей қыз­меткерлері мен қонақтарға арнайы сертификат табысталды.