Технология • 24 Мамыр, 2023

Жасанды интеллект талай қылмысты ашады

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Жоғарғы сотта «Жасанды интеллект және ауқымды деректер (Big Data) сот және құқық қорғау жүйесінде: шындық және уақыт талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жасанды интеллект талай қылмысты ашады

Іс-шараға мемлекеттік және құ­қық қорғау органдарының, жо­ғары оқу ­орын­дарының өкіл­дері, Парламент депу­таттары, ға­лым­дар, Өзбекстан, Ресей және Бела­русьтің жетекші заң уни­вер­­­ситеттерінің сарапшылары қа­тыс­ты. Жиналғандарды Жоғарғы сот­тың төр­ағасы Асламбек Мер­ғалиев, Бас прокурор Берік Асылов, Конституциялық сот­тың төрағасы Эльвира Әзімова, ТМД елдері бас прокурорларының Үйлес­тіру кеңе­сінің атқарушы хатшысы ­Вла­димир Зимин, сондай-ақ Аста­на­да­ғы ЕҚЫҰ Бағ­дар­ла­ма­лар кеңсе­сінің басшысы Фро­барт Фолькер қар­сы алды. Кон­ференция жетекші отандық және шетелдік маман­дар мен практиктерге пікір және тәжірибе алмасуға, жа­санды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Бас прокурор Берік Асылов жа­сан­ды интеллект тақырыбы өзек­ті еке­нін, құқық қолдану прак­тикасына цифрлық технология­ларды енгізу қылмыстың алдын алу, құқық бұзу­шы­лықтарды жедел ашу және объективті тергеу жөнін­дегі жұмыстың тиімділі­гін арт­тыру­ға ықпал ететінін атап өтті. Спи­кер­лер цифрландыру бүгінде мем­ле­кеттік басқару жүйесін жетіл­діру­дің жоғары сұранысқа ие және келешегі зор бағытына айналғанын жеткізді.

Ғылыми-тәжірибелік пікірта­лас­тар шеңберінде қылмыстарды тергеуде, сот ісін жүргізу­де, жалпы заң практикасында, ауқымды деректерді халық­ара­­лық-құқықтық реттеу­де цифрлық технологияларды (Big Data) қол­дану мәсе­лелері қам­тылды. Цифрлық технологиялар­ды енгізу құпия мәліметтерді жария ету және оларды құқық­қа қарсы мақ­сат­тарда пайдалану тәуекелдерін болдырмау үшін адам құқықтарын сақтау және дербес деректерді қорғау мәселелері­не ерекше назар аударылады. Кибер­қауіпсіздікті қамтамасыз ету кон­текстінде ақпараттық техноло­гиялар саласындағы заманауи тәуекелдер мен қауіптер, корпо­ра­тивтік алаяқтыққа қарсы іс-қи­мыл мақсатында ауқым­ды дерек­терді (Big Data) пайдалану мүм­кіндіктері, «Даркнет» технологияларын пайдалана отырып жасал­ған қылмыстарды тергеу ерекшелік­тері қарастырылды. Қатысушылар іс-шара соңында осы бағыттағы ын­ты­мақтастықты қарқынды түрде арт­тыруға келісті.