17 Шілде, 2014

Құттықтау жеделхатын жолдады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануына байланысты Жан-Клод Юнкерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстан хал­қы және жеке өз атынан Ж.-К.Юн­керді Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаған. Қазақстан Президенті Люк­­сембург Премьер-ми­нистрі қыз­метіндегі және Еуро­палық топ­тағы басшы­лығы кезінде жинаған Ж.-К.Юн­кердің мол тәжі­рибесі, Еу­ропа мәселелеріне аса жетік­тігі оған Еуропалық одақ­тың орнықты дамуына зор үле­сін қосуына септігін тигі­зеді деп сенетінін айтады. «Сіздің 2008 жылы Астанаға және менің 2010 жылы Брюссельге жасаған сапарларымыз барысында арамызда орныққан өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға әзір екенімді білдіремін. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастар кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім аясында жаңа сапалы деңгейге көтеріледі деп үміт артамын», делінген жеделхатта.