17 Шілде, 2014

Семинар қорытындысына арналған кеңес

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­ші­лігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің қаты­суымен облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшыларына арналған семинар қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңесте облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары қатысқан екі күндік семинар-кеңестің қорытындысы жасалып, сайланған ауыл әкімдерін қоса алғанда, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктердің айырмашылықтары, сондай-ақ, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу мәселелері талқыланды. Президент Әкімшілігінің Басшысы әкімдіктердің жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берді.