Саясат • 25 Мамыр, 2023

Геосаяси қиындықтар бүкіл әлемнің экономикалық дамуына әсер етеді - Мемлекет басшысы

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында геосаяси мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Геосаяси қиындықтар бүкіл әлемнің экономикалық дамуына әсер етеді - Мемлекет басшысы

«Геосаяси қиындықтар бүкіл әлемнің экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Биыл халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды, орташа есеппен алғанда, шамамен екі есе төмендетті», деп сөзін бастады Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттырып жатыр.

«Мен өз тарапымнан ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп санаймыз», деді Мемлекет басшысы отырыс барысында.