Спорт • 25 Мамыр, 2023

Сәрсенбі сәтті болды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматы қаласының ір­гесінде орналасқан Байсерке ауы­лындағы Александр Асанов атындағы клубта стенд атудан әлем кубогі өтіп жатыр.

Сәрсенбі  сәтті болды

Сәрсенбі күні Қазақстан ұлттық құрама командасының қоржынына екі медаль түсті. «Скит» сайысында Әсем Орынбай алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Екінші және үшінші орындарды Үндістанның қос өкілі – Ганемат Сехон мен Даршна Ратхор иеленді. Естеріңізге сала кетейік, 29 жастағы қазақтың құралайды көзге атқан мергені 2018 жылы Азия чемпионатында күміс медаль еншілесе, 2021 жылы әлем кубогінде қолаға қол созған еді. Сондай-ақ ол алдыңғы жылы онлайн-форматта өткен құрлық біріншілігінде топ жарған болатын.

«Скитшілердің» аралас жұптар бәсе­кесінде Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко күміс жүлде иеленді. Олар тек Италия-2 командасына есе жіберді.