«Қазіргі қолда бар мәлімет бойынша, өрттің үш ошағында жалын сөндірілді. Енді ол аумақтарда жағдай алаңдатарлықтай емес. Таңертең тікұшақпен аумақты түгел шолып шықтық. Бірақ мұнда жұмыс әлі бірнеше күнге жалғасатын түрі бар. Ауа райы да қолайсыздау болып тұр. Бықсып жатқан өрт қалдықтары алаңдаушылық туғызбас үшін ол ошақтарды қайта-қайта сөндіріп әлекпіз. Тілсіз жау толықтай өшірілгенше сөндіру жұмыстары жалғаса береді», дейді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.
Төтеннен келген тілсіз жаудан қанша шығын келгені әлі есептеле қойған жоқ. Дегенмен өртті өшіруге кеткен материалдық шығын қордан төленетіні белгілі болды. Апат аймағына жақын маңдағы Березовка ауылының 108 тұрғыны апат кезінде үйлерін тастап, бас сауғалап кетуге мәжбүр болған. Қазір тұрғындар өз шаңырақтарына қайта орала бастады.
Абай облысы