Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, Нидерланд, Тәжікстан, Түрікменстан, Франция верификациялық орталықтарының, сондай-ақ ЕҚЫҰ және АӨСШК өкілдері қатысты.
Семинарды ашқан Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының бастығы, полковник Қанат Әубәкіров қатысушыларға алғысын білдіріп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесіне ұзақ уақыт және жемісті ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
– Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару түрлерінің деңгейін бақылау және сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту жөніндегі елдер арасындағы қарым-қатынастарда ынтымақтастыққа, ашықтыққа және верификация режімін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі, – деген ол бұл келісімнің маңызды екенін атап өтті. Қорғаныс министрлігінің өкілі әріптестерін еліміздің қару-жарақты бақылау және жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы халықаралық өзара іс-қимылдың әрқашан белсенді қатысушысы болып қала беретінін жеткізді.
Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов пен АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чи Фан ханым сөз алып, Қазақстан, Беларусь, Италия, ГФР, Франция, Бенилюкс елдерінің қару-жарақты бақылау саласындағы үкіметаралық ұйымы, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудың ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің тәжірибелері таныстырылды.
Іс-шараның тәжірибелік бөлігі Ақмола өңірлік гарнизонының 68665 әскери бөлімінде өтіп, іс-шараға қатысушылар Вена құжаты шеңберінде бағалау бойынша оқу-жаттығуды тамашалап көрді.