Әскер • 25 Мамыр, 2023

«Іле» полигонындағы жиын

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу-әдістемелік жиындары шеңберінде әскер түрлерінің бас қолбасшыларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшыларымен, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерімен кеңес өткізді.

«Іле» полигонындағы жиын

Өрістетілген командалық пунктті тексеру барысында министр қолбасшылардың, құ­рамалар мен батальон коман­дирлерінің басқару пункттерін ұйымдастыруда осындай та­садағы орындардың өзектілігін атап өтті.

– Бекіндірілген басқару пункт­­тері – қазіргі заманғы қару­лы қақтығыстардың стандарты. Жоғары қауіпсіздік бө­лім­шелермен жұмыстың тиім­­ді­лігін арттырады, – деді ол.

Командалық құраммен өткен кездесуде министр әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, жауын­герлік қабілеттілігі мен ұтқыр­лығын арттыруға бағыт­талған Қарулы күштердің қызметін жетілдіру жолдарын талқылады.

Оқу-әдістемелік жиындар шең­берінде қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында әскери құра­лымдар штабтарының қыз­мет алгоритмімен және же­дел-так­тикалық буынның бас­қару органдары арасындағы байланыс­ты ұйымдастырумен танысты.

Жиынға қатысушылар әскери қызметшілерді БҰҰ бітім­гершілік миссиясын орын­дауға дайындау мәселелерін талқы­лап, HATO стандарттарына сәйкес штаб жұмысының ұйым­дастырылуымен танысты.

Өткізілген сабақтар коман­дирлерге әскери бөлімдер мен құрамаларда жауынгерлік даяр­лықты ұйымдастыру, әртүрлі жауынгерлік іс-қимыл­дарда әс­керлерді басқару дағды­ла­рын алуға мүмкіндік береді. Олар командалық құрамның ал­дын­да тұрған мәселелер мен міндет­тердің өзекті спектрі бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік базаны әзірлеуге бағытталған.

Басшылық құрамның жиын­дары Қорғаныс министрінің қолбасшылығымен өтетін көш­пелі әскери алқа жұмысымен аяқталды. Онда Қарулы күштер­дің қысқы оқу кезеңіндегі қыз­ме­тінің қорытындылары шыға­рылып, келесі кезеңге міндеттер қойылды.