Сенат • 26 Мамыр, 2023

Сенат кеңесі – Ұлытауда

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Сенат кеңесінің бір топ мүшелері Ұлытау облысына келді.

Сенат кеңесі –  Ұлытауда

Кездесу салтанатты іс-шарамен басталды. Сенат кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаевқа Ұлытау об­лы­сының Құрметті азаматы ата­ғы берілген еді. Осыған орай ар­найы лента, куәлік пен төсбел­гі­ні тапсырған облыс әкімі Берік Әбді­ғали­ұлы мен облыстық мәсли­хат­тың хатшысы Бауыржан Шың­ғы­сов қазақы дәстүрмен Мұхтар Қа­паш­ұлының иығына шапан жапты.

Кездесуде сөз алған Б.Әйтімова, Қ.Айтаханов, Қ.Сұлтанов және Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің тарихи мәдени мұра басқармасының басшысы Ж.Сейдалиева, Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қожамсейітов, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Б.Мырзабеков өңірді дамыту туралы ойларын ортаға алды.

Мұнан кейін кеңес мүшелері тарихи орындарды аралады, М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тари­хы музейінде болды, Аннекс кенішінде шахтаға түсіп, кеншілермен пікірлесті. Сондай-ақ С.Қожамқұлов атындағы театр­да Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі желісінде қойылған спектальді тамашалады.

– Біз осында жинақталған ұсыныс-пікірлерді Сенатқа жеткіземіз, олардың оң шешімін табуына атсалысатын боламыз, – деді өз сөзінде Сенат кеңесінің мүшесі Бірғаным Әйтімова.

 

Ұлытау облысы