Кездесу салтанатты іс-шарамен басталды. Сенат кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаевқа Ұлытау облысының Құрметті азаматы атағы берілген еді. Осыған орай арнайы лента, куәлік пен төсбелгіні тапсырған облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Шыңғысов қазақы дәстүрмен Мұхтар Қапашұлының иығына шапан жапты.
Кездесуде сөз алған Б.Әйтімова, Қ.Айтаханов, Қ.Сұлтанов және Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің тарихи мәдени мұра басқармасының басшысы Ж.Сейдалиева, Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қожамсейітов, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Б.Мырзабеков өңірді дамыту туралы ойларын ортаға алды.
Мұнан кейін кеңес мүшелері тарихи орындарды аралады, М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде болды, Аннекс кенішінде шахтаға түсіп, кеншілермен пікірлесті. Сондай-ақ С.Қожамқұлов атындағы театрда Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі желісінде қойылған спектальді тамашалады.
– Біз осында жинақталған ұсыныс-пікірлерді Сенатқа жеткіземіз, олардың оң шешімін табуына атсалысатын боламыз, – деді өз сөзінде Сенат кеңесінің мүшесі Бірғаным Әйтімова.
Ұлытау облысы