Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласының Ана мен баланы қорғау орталығына жатқызылды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Бұл жаяу жүргіншілерге, электр скутерлеріне, мотоциклдерге және велосипедтерге де қатысты. Бұл әсіресе жазғы демалыс қарсаңында манызды. Жол қателіктерді кешірмейді.
Жыл басынан облыс аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 42 адам жарақат алды.