Облыс орталығындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған он жетінші дәстүрлі облыстық жастар мен студенттердің «Жас дәурен-2014» фестивалі өткізілді. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан «Жас дәурен» фестивалі – әрбір жастың сеніміне қанат бітірген, жастық жігерін жанып, жүрегіне асқақ арман ұялатқан, өндірдей жас талаптардың өнеріне жол ашатын маңызды мәдени шара болып табылады.
Фестиваль екі кезеңде, аудандық және облыстық деңгейде өткізіліп отыр. Өнер фестиваліне биыл 150-ге тарта қала, аудан жастары қатысып, «Эстрада – вокал», «Хореография», «Шығармашылық шеберлік» номинациялары бойынша өнерлерін ортаға салып, бақтарын сынады.
Фестивальдің «Эстрада-вокал» номинациясының бас жүлдесін ойылдық Ермұхамбет Махметов, «Хореография» номинациясында екінші орынды Мәртөк ауданының «Позитив Грен» би ансамблі және «Шығармашылық шеберлік» номинациясы жүлдесін хромтаулық Естай Өтеулиев алды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05
Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Кеше
Семейде үлескерлерді 3 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Ресейге сыра сатудан Қазақстан екінші орынға шықты
Экономика • Кеше
Интернетте боқауыз сөз айтқандарға жаза күшейтіледі
Заң мен Тәртіп • Кеше
Головкин әлемдік бокс аңыздарының қатарына қосылды
Спорт • Кеше