2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық мекеме болды, оның ішінде 109 – санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 – профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.
Сауықтыру нысандарының 127-сі жеке бизнеске, 42-сі мемлекетке тиесілі. Шетелдік меншікте 3 нысан бар.
Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылдық жерде орналасқан.
Курортты ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 мекеме жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында әрқайсысында 11 демалыс орнынан бар.
Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60%-ын әйелдер құрады.