«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Ауа райы болжамы бойынша тек солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Атыраудың басым бөлігінде, Маңғыстаудың оңтүстігінде, Ақтөбеде, Қостанайдың орталығында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.
«Қостанайдың басым бөлігінде, Қызылордада, Павлодардың орталығында, Атыраудың шығысында, Қарағандыда, Ұлытау орталығында, Ақтөбенің оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», делінген мамандардың болжамында.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан - 9-14, күндіз екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соғатын желдің күші - 8-13, күндіз екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.