Құрылысқа қатысу аймақта соншалықты тиімді болып отырған жоқ. Өйткені негізінен бюджеттік қаражатты тендер арқылы ұтып алу жолымен жүргізілетін жұмыс қаржылық қиыншылыққа тап болады. Жұмыскерлердің жалақысын төлеу, материалдар сатып алуда мәселелер туындайды. Бұл сапаға да салқынын тигізеді. Тек тұрғын үй құрылысына ғана емес, республикалық және жергілікті жолдарды жөндеу барысында да байқалатын мұндай мәселені шешу керек.
Тығырықтан шығудың бір жолы ретінде Т.Ерғалиев баламалы бағдарлама ретінде өңірлерге арнайы 2% ипотекалық бағдарламаны іске қосу қажеттігіне тоқталды.
– Мұндай бағдарлама өңірге жаңа тұрғындарды тартуға және жаңа облыстың құрылыс саласын жандандыруға мүмкіндік береді, – деді ол. Жиын барысында Қазақстан Құрылысшылар одағы Ұлытау облыстық филиалының директоры болып Думан Жаманов сайланды.
Ұлытау облысы