Бокс • 30 Мамыр, 2023

Қазақстан – көш басында

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Өзбекстанда ұйымдастырылған ерлер арасындағы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамалардың жаңар­ған рейтингін жариялады.

Қазақстан –  көш басында

Ташкент төрінде төрт алтын, бір күміс медаль олжалаған Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте Куба, Ресей, Өзбекстан секілді бокс державаларын артқа тастап, 81 000 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы (60 800) ие болса, үздік үштікті Ресей боксшылары (58 050) түйіндеп тұр. Кейінгі орындарға Үндістан (55 500), Куба (45 300), Бразилия (43 400), Италия (38 980), Түркия (38 450), Мексика (37 650) және АҚШ (34 950) бокс­шылары орналасқан.

Ташкенттегі әлем чемпионатында жал­пы­командалық есеп бойынша Өзбекстан құ­рамасы (5 алтын, 2 күміс, 2 қола) жеңімпаз атанған болса, біздің жігіттер екінші орынға ие болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар