Былтырдан бері Қызылордада бір игі іс қолға алынған. «Лукойл» мұнай компаниясы өз кәсібін ашып, тірлігін жасағысы келетін адамдарға қайтарымсыз 1 миллион теңге көлемінде несие бере бастады. Жоба «Ақниет» деп аталды. Мұндай бастаманы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көтеріп, мұнай компаниясы аймақ басшысының ұсынысын өмірге ендіргенін айтқан абзал. Өткен жылы кәсіп бастауға ниет білдірген 75 жоба жүзеге асты. Нәтижесін араға жыл салып ұйымдастырылған көрмеден көрдік. Бірі шаштараз, енді бірі наубайхана, балабақша, тігін цехын ашып, ауылға қажетті қызмет түрлерін көрсетіп жатыр екен. Жыл бойы жасаған жұмыстарын кәсіпкерлер осы көрмеде таныстырды. Кәсіпкерлер үлкен қолдау болғанын айтты.
Ал, бұрнағы күні «Лукойл Оверсиз Сервис» мұнай компаниясы қаржыландыратын «Ақниет» әлеуметтік бағдарламасының 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз несие гранттарының жеңімпаздары анықталды. Бағдарламаның үздік деп танылған 97 жоба иесіне аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен «Лукойл Оверсиз Сервис» компаниясының қазақстандық филиалының директоры Андрей Кириллов грант сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.
– 1 миллион қайтарымсыз грант ауылдық жерде кәсіп бастауға үлкен көмек болғаны сөзсіз. Шағын және орта кәсіпкерлікті 5 есе арттыруымыз қажет. Өткен жылы өңірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 3 миллиард теңге берілді. Биыл тағы 4 миллиард теңге аламыз. Бастысы кәсіпкерлердің жақсы жобалары болса, жүзеге асыруына қолдау білдіреміз, – деді облыс әкімі.
Биыл конкурсқа 1200-ге жуық үміткер өз жобаларын ұсынған. Соның талапқа сай келген 95 жобасына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беріліп отыр.
– Ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Бір жылдың қорытындысы бойынша жасалған көрмені аралап көрдік. Нәтиженің қандай деңгейде екені анық аңғарылып тұр. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер көп. Жобалардың елді мекендерге қажеттілігі ескерілді,– деді Андрей Кириллов.
«Ақниет» бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», «Қамқор», «Бастама» және «Игілік» деген номинациялар бойынша байқауға мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар қатысқанын айта кетейік.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026