Университет • 30 Мамыр, 2023

Түлектер күні

442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі Түлектер күні өтті. Салтанатты жиын «Мәңгілік ел» қақпасынан басталып, әр жылғы түлектер ғұлама ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасымен жалғасын тапты.

Түлектер күні

Салтанатты жиынды­ уни­вер­ситеттің басқарма төрағасы-рек­тор Жансейіт Түймебаев ашып, түлектерге табыс тіледі. Жиында түлектерге деген ізгі тілек жол­да­ған Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбектің құт­тық­тау хаты оқылды.

Ж.Түймебаев түлектерді университет дамуындағы маңызды жетіс­тіктермен таныстыра ке­ліп,­ «Уни­верситет дамуының бас­ты көрсеткіші – түлектер. Олар­дың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, кәсіпкер-меценаттар, тәжірибелі дипломаттар бар», деп атап өтті.

Кездесу барысында Әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық уни­­верситеті директорлар кеңе­сі­нің төрағасы, университет тү­лектері қауымдастығының пре­зиденті Қайрат Мәми сөз сөй­леп, түлектер атынан оқу орда­сын жаңа жетістіктерімен құттықтады.

Бүгінде Қазақ ұлттық универ­си­теті жаңа заман талабына сай­ жаңарып келеді. Биыл қара ша­ңырақтан 8 мыңнан астам тү­лек қанат қақса, олардың 6 758-і – бакалаврды, 1 774-і – магистратураны, 442-сі докто­рантураны тәмамдап, 1 256 түлек «үздік дип­лом» иегері атанды.

Іс-шара барысында «Аса көр­некті түлек» медалін салта­нат­­­ты түрде табыстау рә­сімі өтті. Ерекше марапат заң­ ғы­­­лым­­­­­­­­да­рының докторы,­ про­фес­сор,­ Жо­ғарғы сот жанындағы Ха­лық­­ара­лық кеңестің мүшесі, заң­ фа­куль­тетінің 1967 жылғы түлегі Анатолий Диденкоға берілді.

15 факультет түлектері, оның ішінде ше­телдік студенттер де бар, Қазақ ұлт­тық университеті түлектері қауым­дас­тығы атынан шәкіртақы алды.

Салтанатты шарадан соң Тү­лектер қауымдастығы прези­диу­мы­ның отырысы өтіп, жұмыс қоры­тындысы мен жоспарлар тал­қыланды.

Түлектер күні факультеттерде­ жал­ғасын тауып, концерттік бағ­дарламаға ұласты.

 

АЛМАТЫ