19 Шілде, 2014

Консультациялардың бесінші раунды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Алматыда Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан және Түрікменстан елдері үкімет басшылары орын­басарларының қатысуымен Рогун ГЭС-і құрылысының жобасы бойынша консультациялардың бесінші раунды болып өтті. Қазақстан делегациясына Пре­мьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев же­тек­шілік жасады. Кездесу тақырыбы жағалау елдері өкілдері арасында транс­ше­каралық су ресурстарын басқа­ру­дың тетіктерін талқылау болды. Қатысушылар Рогун ГЭС-і жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің алдын ала есебін қарас­тырды. Атап көрсететін жайт, Қазақстан аталған есепті дай­ын­дауға белсенді түрде қатысты. Есепті дайындау барысы өзара консультациялар алмасу мен талқылаулар жүргізу үдерістерімен ерекшеленді. Кездесу аясында Қазақстан тарапы барлық жағалау елдерінің ынтымақтастық тетіктерін кү­шей­ту бөлігінде бірқатар ұсыныстар білдірді. Келіссөздер қорытындысы бой­ынша тағы бір кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткі­зілді. Онда Дүниежүзілік банктің Рогун ГЭС-і жобасы бойынша қо­рытынды есебі қаралатын болады, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Минис­трі­нің баспасөз қызметі.