19 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №684

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 19 маусым, Астана, Үкімет Үйі Жергілікті атқарушы органдардың 2014 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың 2014 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №684 қаулысына қосымша Жергілікті атқарушы органдардың 2014 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері мың теңге Р/с № Жергілікті атқарушы орган Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті 1 Ақмола облысы 8 012 540 2 Ақтөбе облысы 15 992 749 3 Алматы облысы 16 163 271 4 Атырау облысы 16 216 764 5 Шығыс Қазақстан облысы 15 637 565 6 Жамбыл облысы 7 241 245 7 Батыс Қазақстан облысы 9 583 235 8 Қараганды облысы 22 374 184 9 Қостанай облысы 9 878 696 10 Қызылорда облысы 7 096 070 11 Маңғыстау облысы 16 596 921 12 Павлодар облысы 14 645 709 13 Солтүстік Қазақстан облысы 3 785 778 14 Оңтүстік Қазақстан облысы 14 929 355 15 Алматы қаласы 23 515 095 16 Астана қаласы 26 444 028