2014 жылғы 19 маусым, Астана, Үкімет Үйі
Жергілікті атқарушы органдардың 2014 жылға арналған мемлекеттік
концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың 2014 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №684 қаулысына қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың 2014 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
Р/с
№ Жергілікті атқарушы орган Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті
1 Ақмола облысы 8 012 540
2 Ақтөбе облысы 15 992 749
3 Алматы облысы 16 163 271
4 Атырау облысы 16 216 764
5 Шығыс Қазақстан облысы 15 637 565
6 Жамбыл облысы 7 241 245
7 Батыс Қазақстан облысы 9 583 235
8 Қараганды облысы 22 374 184
9 Қостанай облысы 9 878 696
10 Қызылорда облысы 7 096 070
11 Маңғыстау облысы 16 596 921
12 Павлодар облысы 14 645 709
13 Солтүстік Қазақстан облысы 3 785 778
14 Оңтүстік Қазақстан облысы 14 929 355
15 Алматы қаласы 23 515 095
16 Астана қаласы 26 444 028