Қазақстан • 01 Маусым, 2023

Қазақстандықтар Астана күні мерекесіне орай 4 күн демалады

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін 2023 жылға ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар Астана күні мерекесіне орай 4 күн демалады

Құжатқа сәйкес, демалыс күні 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдеге, яғни жұма күніне ауыстырылады.  

Осылайша, Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.