Қазақстан азаматтары алаяқтардан қорғану үшін өз атына несие алуға тыйым сала алады.
Тиісті заңнамалық түзетулерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі.
Оған сәйкес:
- Жеке тұлғаның несие мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту құқығы электронды үкімет порталында және eGov Mobile қосымшасында жүзеге асады.
- Қарыз алушының несие тарихында бұрын бас тартқаны туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізеді.
- Рәсімдеуге тыйым салған жағдайда жеке тұлғаны берілген қарыз бойынша міндеттемелерден босату туралы түзету енгізіледі.
Ведомствоның айтуынша, заңнамалық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр.