Қоғам • 01 Маусым, 2023

Владимир Ким мен Эдуард Огай «Елбасы қорының» акциясын сатып алды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Владимир Ким мен Эдуард Огай «Елбасы қорының» акциясын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Владимир Ким мен Эдуард Огай «Елбасы қорының» акциясын сатып алды

Forbes.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың маусым айында «Қазақмыс корпорациясы» 1,3 млрд теңгеге ЖШС «Люкс Сервис КЗ» ЖШС акцияларының 50 пайызын сатып алды. Айта кетсек, «Қазақмыс Коппер» АҚ компаниясы жылжымайтын мүлікті пайдаланумен, жылжымалы және жылжымайтын мүлік операцияларымен, девелоперлік қызметпен айналысады.

Электрондық үкімет дерекқорында компанияның екінші құрылтайшысы ретінде «жылжымайтын мүлікті басқару дирекциясы» ЖШС көрсетілген. Ал оның серіктесі - «Елбасы қоры». «Елбасы қорының» негізгі құрылтайшысы - Нұрсұлтан Назарбаев. Мәмілеге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сатып алған үлесі «EBF Investment» ЖШС-на тиесілі болды, оның да құрылтайшысы - «Елбасы қоры».

«Люкс Сервис КЗ» ЖШС Астанада Есіл ауданы, 77 жол, 2/1 құрылыс мекенжайы бойынша тіркелген. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде осы мекенжай бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсаты авиациялық ангар мен трансформаторлық қосалқы станцияны пайдалану деп көрсетілген.

Кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огай «Kazakhmys Copper» АҚ арқылы «Қазақмыс корпорациясының» 69,37% және 29,73% үлесіне иелік етеді. Олар 2022 жылдың сәуір айында «Жетімшоқы БК» ЖШС-нің 60% қатысу үлесін 2,3 млрд теңгеге сатып алды. Бұл кәсіпорын «Vertex Holding» ЖШС-мен байланысты. Оның иесі – Владимир Жұманбаев. Мәміледен кейін «Vertex Holding» ЖШС-нің үлесі 99,99-дан 39,99%-ға дейін төмендеген.