19 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы № 952

502 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2013 жылғы 28 қараша, Астана қаласы «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру»  кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетгік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Қ. ӘБСАТТАРОВ 2013 жылғы 4 қараша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 952 бұйрығымен бекітілген «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты 1. Жалпы бөлім 1. «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және: 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге; 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге; 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған. 2. КС негізгі пайдаланушылары: 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады. 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді. 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат; 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар; 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі; 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі; 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі; 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті; 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі; 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы; 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы. 2. КС паспорты 5. КС паспорты мынаны анықтайды: 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «52.21 Құрлық көлігі саласындағы қызметтер»; 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: станция жұмысын ұйымдастыру; 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері. 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары 1-параграф «Станция диспетчері» 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: станция диспетчері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – сұрыптайтын жүйе жұмысын координациялау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Станция диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген. 2-параграф «Маневрлік диспетчері» 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: маневрлік диспетчері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – маневрлік аудандардың және сұрыптайтын құралдардың (төбешіктер, созатын жолдар) кірме жолдар, тиеу-түсіру бөлімшенің жұмыстарын координациялау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Маневрлік диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген. 3-параграф «Жүк диспетчері» 8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жүк диспетчері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – вагондардың тәуліктік тұруын орындау мен вагондарды тиеу, түсіру бойынша жұмыстарды координациялау; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүк диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген. 4-параграф «Орталықтандырылған станциялық бекет операторы» 9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: орталықтандырылған станциялық бекет операторы; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – бір дара пункттың аумағында поезд қозғалысын ұйымдастыру; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Орталықтандырылған станциялық бекет операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген. 5-параграф «Парк бойынша кезекші» 10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4133 «Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметкерлер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: парк бойынша кезекші; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – поездарды өткізу мен аттандыру, қабылдаумен байланысты барлық операциялар бойынша жұмыстарды координациялауды қамтамасыз ету; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Парк бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген. 6-параграф «Сигналшы» 11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8312 «Тежегіш жұмысшылары, жол бұрушылар және тіркеушілер»; 3) лауазымның (кәсіптің) мүмкін атаулары: сигналшы; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – ауыспалы сигналдың сақталуын қамтамасыз ету және қондыру жұмыстарын жүргізу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Сигналшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген. 7-параграф «Сұрыптайтын төбешік бойынша кезекші» 12. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4133 «Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметкерлер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: сұрыптайтын төбешік бойынша кезекші; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – маневрлік жұмысты жасау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Сұрыптайтын төбешік бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 7-кестесінде келтірілген. 8-параграф «Сұрыптайтын төбешік бойынша оператор» 13. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: сұрыптайтын төбешік бойынша оператор; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – орталықтандырылған мерген мен сигналдарды басқаруды аудару жұмыстарын жүргізу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Сұрыптайтын төбешік бойынша оператордың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 8-кестесінде келтірілген. 9-параграф «Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеуші» 14. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8312 «Тежегіш жұмысшылары, жол бұрушылар және тіркеушілер»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеуші; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – тежегіш башмактармен тежеу арқылы вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеу жұмыстарын жүргізу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 9-кестесінде келтірілген. 10-параграф «Жүк поездарының кондукторы» 15. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4; СБШ бойынша – 3-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 5112 «Қоғамдық көліктің кондукторлары»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жүк поездарының кондукторы; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – натурлық парағы бойынша жіберілетін поездің құрамымен машинисттің танысуы мен вагондарға тасымалдау құжаттарын тапсыру мен қабылдау жұмыстарын жүргізу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүк поездарының кондукторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 10-кестесінде келтірілген. 4. КС бірліктерінің тізімі 16. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 10-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады. 5. КС бірліктерінің сипаттамасы 17. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 10-кестелерінде келтірілген. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері 18. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі. 19. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады. 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі 20. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады. 21. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген. «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандартына 1-қосымша Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіптің) түрлері № р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ біліктілік деңгейлері БТБА бойынша разряды 1 Сұрыптайтын жүйе жұмысын координациялау Станция диспетчері Станция диспетчері 4 - 2 Маневрлік аудандардың және сұрыптайтын құралдардың (төбешіктер, созатын жолдар) кірме жолдар, тиеу-түсіру бөлімшенің жұмыстарын координациялау Маневрлік диспетчері Маневрлік теміржол станция диспетчері 4 - 3 Вагондардың тәуліктік тұруын орындау мен вагондарды тиец, түсіру бойынша жұмыстарды координациялау Жүк диспетчері Диспетчер 4 - 4 Маневрлік жұмысты істеу кезінде және поездарды өткізу, аттандыру, қабылдау кезінде көрінетін және дыбысты сигнал беру Орталықтанды-рылған станциялық бекет операторы Орталықтанды-рылған бекет операторы 3-4 2-6 5 Поездарды өткізу мен аттандыру, қабылдаумен байланысты барлық операциялар бойынша жұмыстарын координациялау Парк бойынша кезекші Теміржол станциясының парк бойынша кезекшісі 5 - 6 Ауыспалы сигналдың сақталуын қамтамасыз ету және қондыру Сигналшы Сигналшы 3 4 7 Маневрлік жұмысты жасауды қауіпсіздікті қамтамасыз ету Сұрыптайтын төбешік бойынша кезекші Сұрыптайтын төбешік бойынша кезекші 4 - 8 Орталықтандырылған мерген мен сигналдарды басқаруды аудару Сұрыптайтын төбешік бойынша оператор Сұрыптайтын төбешік бойынша оператор 3-4 4-7 9 Тежегіш башмактармен тежеу арқылы вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеу Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеуші Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеуші 2-4, 3 1-5 10 Натурлық парағы бойынша жіберілетін поездің құрамымен машинисттің танысуы мен вагондарға тасымалдау құжаттарын тапсыру мен қабылдау Жүк поездары кондукторы Жүк поездары кондукторы 3-4 2-6 Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 1-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө-м бұйрығымен бекітілген. «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Станция диспетчері еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары және кірме жолдар, өндірістік теміржол көлігі Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 3 жылдан кем емес Жоғары кәсіптік (техникалық) білім Жұмыс өтіліне талап қойылмайды 2-кесте 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Маневрлік диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары және кірме жолдар, өндірістік теміржол көлігі Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 3 жылдан кем емес Жоғары кәсіптік (техникалық) білім Жұмыс өтіліне талап қойылмайды 3-кесте 3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүк диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары және кірме жолдар, өндірістік теміржол көлігі Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 1 жылдан кем емес 4-кесте 4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Орталықтандырылған станциялық бекет операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Алдын ала медициналық қаралу және сол мамандыққа жарамдылық туралы дәйектеме алу. Зақымданғандарға дәрігерге дейінгі көмек көрсету және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсізідігі бойынша кірме нұсқамадан өткендер; жұмыстың орындалу әдістері және қауіпсіз тәсілдерді оқыту мен жұмыс орнында алғашқы нұсқамадан өткендер СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) Жұмыс өтіліне талап қойылмайды 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 2 жылдан кем емес 5-кесте 5. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Парк бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 5 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім Бағыт бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес Жоғары кәсіптік (техникалық) білім Жұмыс өтіліне талап қойылмайды 6-кесте 6. Кәсібі бойынша ықтимал мүмкін жұмыс орындары. Сигналшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) 2 жылдан кем емес 7-кесте 7. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Сұрыптайтын төбешік бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 5 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім Поезд қозғалысымен байла-нысты лауазымдардағы жұ-мыс өтілі 1жылдан кем емес 8-кесте 8. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Сұрыптайтын төбешік операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) 2 жылдан кем емес 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 3 деңгейде 2 жыл 9-кесте 9. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары және кірме жолдар, өндірістік теміржол көлігі Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрацияның жоғары деңгейі, жұмыс аймағындағы ауаның жоғары тозаңдылығы мен газдылығы Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу). Жұмыс өтіліне талап қойылмайды 3 Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) 2 деңгейде 2 жыл 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 3 деңгейде 2 жыл 10-кесте 10. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүк поездары кондукторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теміржол станциялары және кірме жолдар, өндірістік теміржол көлігі Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары - Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) Кемінде 2 жыл 4 Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім 3 деңгейде 2 жыл «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандартына 3-қосымша КС бірліктерінің тізімі 1-кесте 1. «Станция диспетчерінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Станцияның бірлік ауысымына оперативті басшылықты жүзеге асыру 2 Ф Поездерді қабылдау мен аттандыруды ұйымдастыру 3 Ф Станцияның істелген жұмысына диспетчерлік график жүргізу 2-кесте 2. «Маневрлік диспетчерінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Поездарды қалыптастыру бойынша маневрлік жұмыстарға оперативтік басшылық ету және ұйымдастыру 2 Ф Тасымалдау құжаттамаларды және поездік ақпараттарды өңдеу 3 Ф Станцияның бірыңғай ауысымын оперативтік басшылық етуді жүзеге асыру, станцияның қазіргі жұмысын жоспарлауды жүргізу 3-кесте 3. «Жүк диспетчерінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Жергілікті жұмыс жоспарын орындауды қамтамасыз ету 2 Ф Жүк құжаттарын өңдеуді есепке алу 3 Ф Вагондардың болуын есепке алуды және олардың станция жолдарында орналасуын жүргізу 4-кесте 4. «Орталықтандырылған станциялық бекет операторының» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Орталықтандырылған бекеттен жергілікті басқару пульті немесе орталықтанған жолға бұру тетігін аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 2 Ф Басқару аспаптарының көрсетулері бойынша бағыттарды дайындаудың дұрыстылығын бақылау 3 Ф Маневрлік жұмыстарды жасау және поездерді өткізу, аттандыру, қабылдау кездерінде Дауысы бар және көрінетін сигналдарды беру 5-кесте 5. «Парк бойынща кезекшінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Маневрлік жұмыс пен поездердің қозғалысын ұйымдастыру бойынша жұмысты жоспарлау. Маневрлік жұмыс пен поездердің қозғалысын ұйымдастыру 2 Ф Лауазымдық міндеттер және ережелер, нұсқаулар, әрекеттегі кеңестерді ұстанумен бекітілген аудан аумағындағы станциядағы маневрлік жұмысты жасау және поез қозғалысын жасауға басшылық ету 3 Ф Орнатылған ережелермен сәйкес поездер қозғалысын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету 6-кесте 6. «Сигналшының» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Ауыспалы сигналдарды сақтауды қамтамасыз ету және орнату 2 Ф (Тежегіш құралдармен)тежегіш башмактары бар құрамдар мен жолдарда тұрған вагондарды бекіту 3 Ф Жолдың бос болуын тексеру, орталықтандырылған жол бұруларды курбелмен аударуды тексеру 7-кесте 7. «Сұрыптайтын төбешік бойынша кезекшінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Сұрыптайтын төбешікте вагондарды қайта шығару бойынша жұмыстарды басқару 2 Ф Төбешіктен құрамдарды тарату режимін орнату, маневрлік жұмысты жасау тәртібін қиыстыру 3 Ф Төбешік құралдарын күтуді бақылау 8-кесте 8. «Сұрыптайтын төбешік операторының» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Басқару пультімен механизациялау мен автоматтандыру сұрыптайтын төбешіктерде құрамдарды таратуды басқару 2 Ф Бақылау-өлшеуіш аспаптарының көрсетулері бойынша төбешіктер құралдарының дұрыс жұмыс істеуін бақылау 9-кесте 9. «Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеушінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеу 2 Ф Жұмыстарды орындау кезінде жүктер мен вагондардың сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету 10-кесте 10. «Жүк поездары кондукторының» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Жиналатын, тасылатын, ауыстыратын және шарушылық поездеріне қызмет көрсету, олардағы тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету 2 Ф Маневрлік жұмыс жасау кезінде сүйемелденетін поездердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ескертпе: Ф – функция. «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандартына 4-қосымша КС бірліктерінің сипаттамасы 1-кесте 1. СБШ 4-деңгейіндегі «Станция диспетчері» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі Шифр Еңбек заттары Еңбек құрал-дары Міндеттер Шеберлік және дағдылар Білім 1 Ф Жылжы--малы құрам, сигнал беру, орталық-тандыру және блокадалау құрал-дары. Радио-станция, дауыс зорайт-қышы бар байла-ныс жүйесі, диспет-черлік байла-нысы-ның құрал-дары. 1-1 М Станцияның техникалық құралдарын тиімді пайдаланумен қамтамасыз ету, маневрлік құралдар мен бригадаларды бөлу, сұрыптайтын жүйенің оның ішінде бұрыштық ағындарды жіберу жұмыстары-ның координациялау Сұрыптайтын жүйенің жұмыстарын координациялау кезіндегі өзіндік нормалау дағдылары. Нақтылау, станцияның техникалық құралдарын тиімді пайдаланумен қамтамасыз ету нәтижесіне баға беру Жақындаулар, принциптер және теміржолды техникалық пайдалану тәсілдері,поездер қозғалысы және маневрлік жұмысы бойынша,жолдық жұмыстарды жасау кезінде қауіпсіз қозғалыспен қамтамасыз ету, сигнал беру бойынша нұсқаулар; жүктерді тасымалдау туралы білім.Экономика негіздері және өндірісті басшылық ету, теміржол көлігіндегі жұмыскерлердің еңбек және демалыс режимі, диспетчерлік байланысының құралдары және ССБАЖ пен жұмыс жағдайындағы микропроцессорлық аппаратурамен қолдану және жұмыс істеу принципі туралы білім 1-2 М Станция жұмысын жоспарлауды қазіргі депо бойынша кезекші мен локомотивті диспетчермен, бөлімше бойынша кезекшімен бірге қамтамасыз ету Нақтылау қазіргі депо бойынша кезекші мен локомотивті диспетчермен, бөлімше бойынша кезекшімен бірге станция жұмысын жоспарлау нәтижесіне жауапкершілік Жақындаулар, принциптер және станция жұмысының технологиялық процестері мен технико-өкімді актілер, станцияның қазіргі жоспарын бірігіп құру үшін станция жұмыс тәсілдері туралы білім. Еңбекке ынталандыру мен уәждемелеу тәсілдері туралы білім 1-3 М вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің ауысымды шебері және локомотивті депо кезекшісі, тасымалдау бөлімше бойынша кезекшімен станция жұмыстарын келісу Тапсырмаларды нақтылау, міндет қою, станция жұмыстарын келісу кезіндегі вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің ауысымды шебері және локомотивті депо кезекшісі, тасымалдау бөлімше бойынша кезекшінің қызметі нәтижесіне баға беру. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін уәждеме Жақындаулар, принциптер және станция жұмысының технологиялық процестері мен технико-өкімді актілер, станцияның қазіргі жоспарын бірігіп құру үшін станция жұмыс тәсілдері, техникалық қызмет көрсету пунктінің ауысымды шебері және локомотивті депо кезекшісі, тасымалдау бөлімше бойынша кезекшімен станция жұмыстарын келісу үшін тәсілдері туралы білім. Еңбекке ынталандыру мен уәждемелеу тәсілдері туралы білім 2 Ф Жыл-жымалы құрам, техни-калық құрал-дар мен жаб-дықтар Радио-станция, дауыс зорайт-қышы бар байланыс жүйесі, дис-петчерлік байланы-сының құрал-дары және ССБАЖ пен жұмыс жағдай-ындағы микро-процес-сорлық аппаратура 2-1 М Жүк жұмыстары мен поездерді аттандыру мен қабылдау бойынша жоспардың орындалуын бақылау және станция жұмысын қамтамасыз-дандыратын, басқа қызметтегі жұмысшылардың істерін координа-циялау Тапсырмаларды нақтылау, міндет қою және станция жұмысын қамтамасыз ету жұмысшыларының қызмет нәтижесіне баға беру. жүк жұмыстары мен поездерді аттандыру мен қабылдау мен жұмысшылардың істерін координациялау кезіндегі өзіндік нормалау және өзіндік анықтау дағдылары. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін уәждеме Жақындаулар, принциптер және теміржолды техникалық пайдалану тәсілдері,поездер қозғалысы және маневрлік жұмысы бойынша,жолдық жұмыстарды жасау кезінде қауіпсіз қозғалыспен қамтамасыз ету, сигнал беру бойынша нұсқаулар; жүктерді тасымалдау туралы білім.Еңбекке ынталандыру мен уәждемелеу тәсілдері туралы білім 2-2 М БАЖ – станциясы және жолдық есептейтін орталықтан басқа ақпаратты және құрамдарды ажырату, станция жолдарындағы вагондар мен құрамдарды болуы мағлұматтар, поездердің жақындауы туралы алдын ала ақпаратты алу және сұрау Тапсырмаларды нақтылау және станция жолдарындағы вагондар мен құрамдарды болуы мағлұматтар, поездердің жақындауы туралы мағлұматтарды қабылдау нәтижесіне баға беру.БАЖ – станциясы және жолдық есептейтін орталықпен жұмыс кезіндегі өзін