Теннис • 04 Маусым, 2023

Парижде жүлде бұйырмады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде еліміздің бірде-бір теннис­шісі қалмады.

Парижде жүлде бұйырмады

Басты үмітіміз Елена Рыбакина еді. Соңғы жылдары зор табысымен жанкүйерлерді қуантып жүрген жерлесіміз алғашқы айналымдарда Чехияның қос ойыншысы – Бренда Фрухвиртова мен Линда Носкованы жолынан ығыстырып, үшінші кезеңде Сара Соррибес-Тормомен күш сынасуға тиіс еді. Еленаның Испания теннисшісін еш қиналмай ұтатынына ешкімнің күмәні болмады. Өйткені, Рыбакина әлемдік рейтингте қарсыласына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр. Және де Соррибес-Тормоның қол жеткізген пәлендей табыстары да жоқ. Бірақ, дәл сол кездесудің қарсаңында еліміздің бірінші ракеткасының денсаулығы сыр беріп, жарысты жалғастыра алмайтыны белгілі болды.

Аталған турнирде Александр Бублик бірінші және Юлия Путинцева үшінші кезеңде сүрінді. Ал жұптық сайыстарда бақ сынаған отандастарымыз – Анна Данилина мен Александр Недовесов те өткен аптаның соңында жарыс жолынан шығып қалды.