Команданың бас бапкері Ерлан Алпысбаев осы жарысқа 23 шәкіртін қосуды жөн көрген екен. Солардың арасынан аса жеңіл салмақтағы Әбиба Әбужақынованы ерекше атап өткен жөн. Былтыр әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, қатарынан екі жыл Азия біріншілігінің финалисі болған Әбиба биыл Париж, Ұланбатыр, Әбу-Даби және Тбилисиде ұйымдастырылған Гранд-слэм мен Гранд-при турнирлерінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Әбибадан бөлек, елорда төрінде Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек (48 кило), Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ирмағамбетова (52 кило), Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова (57 кило), Мөлдір Нарынова, Эсмигюль Куюлова, Анастасия Морозова (63 кило), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева (70 кило), Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко (78 кило), Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова және Назгүл Маратова (78 кило) бақ сынайды.