2024 жылдың 5 қарашасында АҚШ-та кезекті президент сайлауы өтеді. Бұл ел тарихындағы 60-шы сайлауы болмақ.
Ал АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп 2022 жылдың 15 қарашасында өзінің сайлауалды науқанын бастап кеткен.
Екі партиядан шыққан өзге үміткерлер енді жиналып жатқанда, Трамп мырза өзінің алдыңғы қатардағы үміткер мәртебесін алудың жолдарын іздеп жүрген секілді. Өткен аптада Truth Social сайтында жарияланған бейнеде ол өзінің «үлкен идеясын» жариялап, Тәуелсіздік Декларациясының 250 жылдығына орай бір жылға созылатын жалпыұлттық мереке ұйымдастыратынын айтқан. Оның айтуынша, бұл мереке аясындағы іс-шаралар 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
Ерлан КИІКБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті