Спорт • 05 Маусым, 2023

Екі елдің ғана әнұраны шырқалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстанның астанасы – Душанбеде өткен Гран-при додасын Қазақстанның дзюдошылары екі қола медальмен қорытындылады.

Екі елдің ғана әнұраны шырқалды

Алғашқы жүлдені Сұңғат Жұбатқан жеңіп алды. 66 кило салмақта белдескен ол израильдік Даниэль Капелюшник пен тәжік­стандық Нурали Эмомалиді еңсеріп, ресейлік Мурад Чопановтан жеңілді. Одан кейін ұлыбританиялық Чарли Йонг пен италиялық Чинарро Ниеттодан басым түсіп, қола медальды мойнына ілді. Аса ауыр сал­мақтағы Ғалымжан Қырықбай да дәл сол межеден көрінді. Қазақтың нар тұлғалы жігіті франциялық Клемент Делверт, бахрейндік Азамат Чотчаев және польшалық Каспер Шуровскиді шаң қаптырғанымен, татами қожайыны Теймур Рахимовқа әлі жетпеді.

Душанбедегі ерлердің додасында екі мемлекеттің ғана әнұраны шырқалды. Төрт алтынды Ресей құрамасы олжалады.  Тә­жік­стандық дзюдошылар үш алтынды иеленді.