Аймақтар • 05 Маусым, 2023

Оқушыларға – 10 көлік

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір мектептерінің қажеттілігін ескере отырып, биыл облыстық бюджеттен 10 автобус сатып алу туралы шешім қабылданған еді.

Оқушыларға – 10 көлік

Өйткені облыстың Жез­қаз­­ған, Қаражал қалалары мен Жаңа­арқа ауданында оқу­шы­ларды мек­тепке көлікпен тасы­малдау қарас­ты­рыл­ған­. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 026 оқушы, соның ішінде, Жа­ңа­­­арқа ауданында – 347, Жез­қаз­­ған қаласында – 135, Қара­жал­ қала­сында 544 оқушы мек­­тепке тасы­малдау арқылы қатынайды.

Халықаралық балаларды қор­­­ғау күнінде жоспарланған 10 автобустың екеуі Жезқазған қала­сы­ның №13 мектебі мен Жаңаарқа ау­да­нының Қызылжар жалпы бі­лім­ беретін мектебіне салтанатты түрде табысталды.

Жаңа оқу жылына дейін Қа­ра­­жал қаласының №1, 30 мек­­­тептеріне, Ұлытау ауда­ны­ның № 6, 1 тірек мек­теп­те­рі­не,­ Жаңаарқа ауданының №1 мек­теп-лицейіне, Сәтбаев қа­ла­­сының Оқушылар сарайына, Жез­қазған қаласындағы Абай атын­дағы мамандандырылған мек­теп-интернатына, №3 «Бі­лім­-инновация» лицей-ин­тер­­на­тына да автобустар бері­ле­тін болады. Келесі жылы да облыстық бюджеттен қар­жы қарастыру арқылы мек­теп­тер­дің­ автопаркі жаңартыла бер­мек.

 

Ұлытау облысы