Өйткені облыстың Жезқазған, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа ауданында оқушыларды мектепке көлікпен тасымалдау қарастырылған. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 026 оқушы, соның ішінде, Жаңаарқа ауданында – 347, Жезқазған қаласында – 135, Қаражал қаласында 544 оқушы мектепке тасымалдау арқылы қатынайды.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде жоспарланған 10 автобустың екеуі Жезқазған қаласының №13 мектебі мен Жаңаарқа ауданының Қызылжар жалпы білім беретін мектебіне салтанатты түрде табысталды.
Жаңа оқу жылына дейін Қаражал қаласының №1, 30 мектептеріне, Ұлытау ауданының № 6, 1 тірек мектептеріне, Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейіне, Сәтбаев қаласының Оқушылар сарайына, Жезқазған қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына, №3 «Білім-инновация» лицей-интернатына да автобустар берілетін болады. Келесі жылы да облыстық бюджеттен қаржы қарастыру арқылы мектептердің автопаркі жаңартыла бермек.
Ұлытау облысы