Қоғам • 06 Маусым, 2023

Астанада қылмыс көрсеткіші төмендеді

1008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың айтуынша, елордада қылмыс 17 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада қылмыс көрсеткіші төмендеді

«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Астананы алаңдатқан 38 мәселе» мақаласындағы мәліметтерге сәйкес, полицияның тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуінің арқасында елдегі қылмыс деңгейі – 16, ал Астанада 17 пайызға төмендеген. Оның ішінде кісі өлтіру – 51, зорлау – 37, қарақшылық – 36, тонау – 16, бұзақылық – 47, ұрлық 28 пайызға азайған.

Дегенмен, елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны 127-ні құрайды. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіш.