Аймақтар • 06 Маусым, 2023

Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам көз жұмды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қостанай - Әуеликөл - Сұрған» тас жолында шағын автобус ауыр жүк көліктерімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 46 жастағы жүргізуші мен оның ұлы оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 6 маусым күні таңғы сағат 11:00 шамасында болған.

Анықталғандай, «Toyota Alphard» көлігінде 4 жолаушы болған, олардың үшеуі кәмелет жасына толмаған. Аталған көліктің иесі тізгінді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Көкшетау қаласының тұрғыны басқарған «Renault» жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін төрт жолаушы мінген шағын автобус Атбасар қаласының тұрғыны басқарған «Daf» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан Toyota көлігінің 46 жастағы жүргізушісі, оның 2013 жылы туған ұлы оқиға орнында көз жұмды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады полиция департаментінің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.